«Қаныш. Қазына» телехикаясын https://www.youtube.com/@QazaqstanTV/Қазақстан Ұлттық Арнасынан тамашалай аласыздар
26 февраля, 2024 в 22:31,
Нет комментариев
Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі – геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жо
лына негізделген. Телехикая – ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады.
Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық – телехикаяның негізгі өзегі.